9.3 C
Shymkent
3 марта, 2026
aspan

ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІ САПАЛЫ БІЛІМ ТІРЕГІ

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік оқыту орталығы ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жоспарын мақсатты орындап келеді. Осыған сәйкес, қала мектептеріндегі педагогтердің кәсіби этикасы, тілдік кедергілерді жеңу және мемлекеттік тілде құжат рәсімдеу сапасын арттыруға арналған «Кәсіби этика, педагогикалық дағдылар және құжат тілі» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинарға 80-ге жуық қала мектептерінің директорлары қатысты.

Семинар барысында кәсіби этиканың басты қағидалары, қызметтік әдеп нормалары мен ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәдениеті кеңінен талқыланды. Семинар бағдарламасы аясында: адал азамат:педагог этикеті-құндылықтар бастауы, ұлт тұлғаларының ұлағаты, құжат тілінің сипаты мен ерекшеліктері, ресми-іскерлік стиль талаптары және қазіргі құжат әзірлеу қағидалары қарастырылды.

Сондай-ақ, Педагогикалық шеберлік орталығы аға менеджері Абай Қалшабек педагогтерге және кез-келген адам баласына  дамыту қажет бірқатар маңызды дағдыларды атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты рәсімдеу, мазмұндық дәлдік пен терминологиялық бірізділікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қаладағы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлеріне құжатты сауатты әрі сапалы әзірлеу үшін қажетті дағдылар мен негізгі ережелер таныстырылып, құжат тілінің қазақ әдеби тілінің өзге стильдік бағыттарынан айырмашылығы мен ерекшеліктері туралы айтылды. Іс-қағаздарды дұрыс жүргізу тәртібі туралы арнайы оқытушы маман жан-жақты баяндады.

Семинар-тренинг қатысушылардың кәсіби деңгейін көтеруге, педагогикалық шеберлігін шыңдауға және құжат жүргізу мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік берген нәтижелі іс-шара болды. Жиын барысында алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар алдағы уақытта күнделікті қызметте кеңінен қолданылып, жұмыс тиімділігінің артуына ықпал етеді деп күтіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ, КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Телеарна ХанТВ

БИЫЛ НЕКЕЛЕСКЕН ЖҰПТАРҒА ПАЙЫЗСЫЗ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ