АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін нарықтарда жеткізілімдердің қысқару сценарийлері талқыланып жатыр. Сарапшылар мұнай бағасы барреліне 85–150 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін болжап отыр. Бұл туралы Анадолу агенттігі жазды.
АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасының деректеріне сәйкес, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері арқылы өтетін құбыр желілері тәулігіне шамамен 3,5 млн баррель баламалы өткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры 415 млн баррельді құрайтыны атап өтілді. Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдердің ұзақ мерзімге тоқтауы күрт ауытқуларға әкелуі мүмкін, әсіресе Азиядағы мұнай өңдеу зауыттарының маржасына және фрахт бағаларына әсер етеді.Сарапшылардың пікірінше, мұнай резервтері ықтимал жеткізілім қысқаруын толық өтеуге жеткіліксіз болуы мүмкін. Олар мұнай бағасы барреліне 85–150 долларға дейін өсуі ықтимал деп болжайды.Жапония мұнай импортының шамамен 72%-ын Ормуз бұғазы арқылы аладыСонымен қатар стратегиялық теңіз өткелдерінің бірі — Ормуз бұғазына елдердің тәуелділік деңгейі де назар аудартады. Бұл бұғаз арқылы күн сайын шамамен 20 миллион баррель мұнай мен мұнай өнімдері тасымалданады.
