9.3 C
Shymkent
3 марта, 2026
aspan

ҚМА ЗАҢСЫЗ  ВЕЙПТЕРДІ ТҰТЫНУ ЖҮЙЕЛЕРІН САТҚАН ТОПТЫ ҚҰРЫҚТАДЫ

Қаржылық Мониторинг Агенттігі  Павлодар облысы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Павлодар облысы аумағында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз айналымға шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

 

Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынғанына қарамастан, күдікті тұрақты табыс табу мақсатында вейптерді сатудың жүйелі әрі тұрақты схемасын ұйымдастырған.Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында дүкендер желісі қайта аталып, ресми түрде кальян өнімдерін сатуға бағытталғандай көрсетілген. Алайда іс жүзінде электрондық тұтыну құрылғылары мен олардың қосалқы бөлшектері сатылған.Тыйым салынған өнімдер «Telegram» мессенджері арқылы да өткізіліп, курьерлік жеткізу қызметі пайдаланылған.Құпиялылықты сақтау үшін жалға алынған орынжайлар, сенімді адамдар және мессенджерлердегі шифрланған байланыс арналары қолданылған.Заңсыз саудадан түскен қаражат қолма-қол түрде де, жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы да жиналып, кейін қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген.Тінту барысында жалпы құны 711 млн теңгеден асатын 131 мыңнан астам вейп тәркіленді.Өнімдерді өткізу негізінен жастарға, соның ішінде кәмелетке толмаған мектеп оқушылары мен студенттерге бағытталған. Бұл олардың денсаулығына тікелей қауіп төндірген.Күдікті әшкереленіп, бұлтартпау шарасы қолданылғанына қарамастан, байланысы бар тұлғалар арқылы және қосымша жасырыну шараларын пайдаланып, топтың қызметін үйлестіруді жалғастырған.Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа 4 автокөлік пен Алматы қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтер сатып алынған. Аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен бес қатысушысы қамауға алынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗЕТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП ӨЗГЕРЕДІ.

Телеарна ХанТВ

СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 1 000 КҮН ТОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТАЛАПТАР ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ