5.3 C
Shymkent
3 марта, 2026
aspan

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА САЙ АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісі өтіп, өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар сараланды. Өңір басшысы жауапты басқарма мен инспекция басшылығына, аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.

Ветеринария саласындағы жоспарланған жұмысты жүйелі атқарыңыздар. Мәжілісте айтылған мәселелер назарға алынып, шұғыл реттелуге тиіс. Ауыл шаруашылығы үшін ветеринарияның маңызы зор. Экспорттық әлеуетке де тікелей ықпал етеді, – деген Нұралхан Көшеров ветеринария саласы бойынша жүктелген міндеттерді сапалы атқару керектігін ескертті.

:Жиын барысында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерболан Жанібеков 2026 жылға арналған жоспарлар мен саладағы өзекті мәселелер туралы баяндама жасады.

Қазіргі уақытта ветеринариялық шараларды «Ветеринарлық қызмет» кәсіпорны жүзеге асыруда. Мекемеде барлығы 1 967 маман еңбек етеді. Оның ішінде 37 қызметкер орталық аппаратта, ал 1 930 маман аудандық және қалалық филиалдарда жұмыс істейді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СЕМЕЙГЕ СЕРПІН: СЕМЕЙДЕ АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНАДЫ

72,5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЛОРДАДАҒЫ ШУЛЫ ОҚИҒА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНА ТҮСІП ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ