aspan

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАН КЕЙІН МҰНАЙ БАҒАСЫ ӨСІП ЖАТЫР

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін мұнай нарығында баға күрт көтерілді. Биржадан тыс саудада Brent маркалы мұнай 10%-ға қымбаттап, барреліне шамамен 80 доллар болды. Бағаның өсуінің негізгі себебі – Ормуз бұғазының жабылу қаупі. Бұл жағдайда мұнай бағасы 100 доллардан асуы мүмкін деп сарапшылар ескертті. RBC және Barclays сарапшылары да осындай болжам жасап отыр.

OPEC+ сәуір айынан бастап өндірісті тәулігіне 206 мың баррельге арттырады деп жоспарлап отыр. Дегенмен Rystad Energy компаниясы бұл өсім бағаны тұрақтандыруға жеткіліксіз болуы мүмкін екенін ескертті. SPI Asset Management бағалауынша, бұғаз толық жабылса, мұнай бағасы 120–150 долларға дейін көтерілуі ықтимал. Сарапшылар балама бағыттар қолданылған жағдайда да нарықта тәулігіне 8–10 млн баррель тапшылық туындауы мүмкін екенін айтады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Дархан Сатыбалды Алматының коммуналдық қызметінің қысқы маусымға дайындығын тексерді

Телеарна ХанТВ

Мәжіліс депутаты шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

Телеарна ХанТВ

Бір ай бұрын суға кеткен қазақстандықтың денесін балықшылар тапты

admin