aspan

ПОЙЫЗҒА КЕШІККЕН ЖАҒДАЙДА, БИЛЕТ ҚҰНЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнының бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Билет құнын қайтару көлемі мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

«Ол үшін ең алдымен вокзалдағы билет кассасына жүгініп, туындаған жағдай туралы кассирге хабарлау қажет. Өтінішті билетте көрсетілген станциядан пойыз жөнелгеннен кейін бір сағаттан кешіктірмей рәсімдеу қажет. Қайтару рәсімін жүргізу үшін жолаушынің жеке куәлігі мен билеті қажет. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, бос орын болған жағдайда келесі пойызға билет ұсынуы мүмкін», — делінген хабарламада.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

🏗️ Жұмысшы мамандықтар жылы: 17 наурызда «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы басталады

Телеарна ХанТВ

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі қысқы жаңалықтар маусымын ашады

Телеарна ХанТВ