5.3 C
Shymkent
3 марта, 2026
aspan

КӨМІРГЕ ДЕГЕН СҰРАНЫС ЖЫЛЫНА 19 МЛН ТОННАДАН АСАДЫ

Қазақстан жаңа энергетикалық жобаларды қолдау және энергетикалық қауіпсіздікті сақтау үшін көмір өндірісін күрт арттыруға дайындалып жатыр. Энергетика министрінің орынбасары Ерлан Акбаров ірі көмір өндіруші компаниялармен кездесуде 2032 жылға қарай жылу көміріне қосымша сұраныс жылына 19 миллион тоннадан асады деп мәлімдеді. Осы мақсатта көмірді ел үшін стратегиялық ресурс ретінде қамтамасыз ететін Ұлттық көмір өндіруді дамыту жобасы әзірленуде. Қазақстанның жалпы көмір қоры 33 миллиард тоннадан асады.

Вице-министрдің айтуынша, жоба тек электр энергиясын өндірумен шектелмейді. Жоба саланы кешенді дамытуға негізделеді. Осы арқылы инвестиция тарту, отын-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық технологияларды енгізу және кадрлық әлеуетті күшейту көзделіп отыр. Қазіргі болжам бойынша, 2032 жылға қарай жаңа жобалар үшін энергетикалық көмірге деген сұраныс жылына 19 млн тоннадан асады. Сондықтан өндіріс қуатын жедел арттыру қажеттігі туындап отыр. Кеңес барысында «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының» атқарушы директоры Николай Радостовец, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Евгений Мастернак және «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның өндіріс жөніндегі директоры Павел Чувашев баяндама жасады. Олар өндірістік қуатты ұлғайту жоспарларын ұсынып, саланы цифрландыру мен инвестициялық бағдарламаларға ерекше назар аударды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕГАПОЛИСТЕ 200-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖҮГІНГЕН

Телеарна ХанТВ

«№55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды сыныптар бойынша 2024-2025 оқу жылының І -жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстар.

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ SKILLS.ENBEK.KZ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 3 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Телеарна ХанТВ