21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ҰҚК ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТТЕР ҚОРЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫСЫН ҰСТАДЫ

ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Қаржы министрлігіне қарасты «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол жекеменшік иесіне қорға аударылуы тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен қаражатты ұстап қалуға заңсыз түрде рұқсат берген. Соның салдарынан мемлекетке 11,4 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік мүлікті нарықтық бағадан төмен сатқан. Нәтижесінде бюджетке 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат түспей қалған. Бұдан өзге, құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер телімдерін сатып, қорға 800 миллион теңге көлемінде шығын келтірген борышкер компаниялардың иесі мен оның сыбайластары да ұсталды. Соттың санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, тиесілі мүліктеріне тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КҮШ КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ  

ПОЛИЦИЯ «СИНТЕТИКАНЫҢ» 4 МЫҢНАН АСТАМ ДОЗАСЫН АЙНАЛЫМҒА ЖІБЕРМЕДІ

Телеарна ХанТВ