aspan

«КӨКТЕМ» БАЗАРЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласындағы «Көктем» базарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында кәсіпкерлермен жүздескен Мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов конституциялық реформа аясындағы негізгі өзгерістерді таныстырды.Кездесу барысында жаңа Ата Заң жобасының басым бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қамтылды.

 Мәслихат төрағасы өз сөзінде ұсынылып отырған өзгерістер елдегі демократиялық үдерістерді дамытуға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Кәсіпкерлер өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, конституциялық реформаға қатысты пікірлерін білдірді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар жаңа Конституция жобасының маңыздылығына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар сөз алған спикерлер жаңа редакцияда кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық кепілдіктерге ерекше мән берілгенін атап өтті. Меншік құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру бизнес субъектілері үшін тұрақты әрі болжамды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кездесуге базар қызметкерлері мен кәсіпкерлері белсенді қатысып, жоба аясындағы бірқатар нормалар бойынша сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, жер қатынастары, салық саясаты және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.

 Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулердің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндірумен қатар, азаматтардың ұсыныстарын жинақтап, қоғамдық талқылауға белсенді тарту. Шара қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕНДІ САМОКАТТЫ ДҰРЫС ОРЫНҒА ҚОЙМАҒАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

ШЕРУШІЛЕР ПОЛИЦИЯМЕН ҚАҚТЫҒЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

107 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ