aspan

РЕФЕРЕНДУМ–2026 АЯСЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Референдум–2026 аясында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Шымкент қаласындағы Абай атындағы кітапханада Референдум–2026 аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара барысында коалиция мүшелері студенттермен және кітапхана қызметкерлерімен жүздесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесуде референдумның ел болашағы үшін маңызы, конституциялық өзгерістердің басымдықтары мен қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқыланды. Қатысушылар ұсынылып отырған реформалардың артықшылықтары туралы пікір алмасып, өз ойларын білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық диалогты нығайтуға бағытталған. Ашық форматта өткен жиында студенттер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Айта кетейік, Референдум–2026 аясындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ-ТА ТАСҚЫННАН 10 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУДАН 79 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ

Майқайыңдағы апат: Тірі дейін десем, үйде жоқ, өлі дейін десем, бейіт жоқ

Телеарна ХанТВ