33.3 C
Shymkent
30 мая, 2026
Редактор таңдауы

Түркістан облысында снюс өндірісінің заңсыз цехтары жойылды

Түркістан облысында Келес және Ордабасы аудандарында орналасқан үш заңсыз снюс өндірісінің цехы анықталып, жойылды.

Оперативтік-тексеру іс-шаралары барысында белгілі болғандай, өндіріс алаңы 500 шаршы метрден асатын және күн сайын шамамен 20 адам жұмысқа тартылатын.

Заңсыз өнім елдің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылған.

Құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 1 миллионнан астам дайын өнім бірлігін, 30 тонна темекі, 2 миллион қаптама пакет, ароматизаторлар мен уытты химиялық қоспаларды, сондай-ақ снюс өндіруге арналған арнайы жабдықты тәркіледі.

Тәркіленген материал көлемі 60 миллионға дейін жеке дозаны өндіруге мүмкіндік беретін.

Сот санкциясымен заңсыз цехтардан түскен табысқа сатып алынған екі автокөлікке қамалды салынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Верховенство Конституции – основной принцип правового государства

Редактор HAN TV

Территория спорта: журналисты приняли вызов теннисного корта

Редактор HAN TV

ЭКС ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ НҰРЖАН ТІЛЕУОВТІҢ ІСІ ҚАЙТА ТЕРГЕУГЕ ЖІБЕРІЛЕ МЕ?

Редактор HAN TV