0.3 C
Shymkent
12 февраля, 2026
aspan

Конституция – Тәуелсіздігіміздің тірегі

Қазақстан Республикасының Президенті өз сөздерінде Конституцияның ел өміріндегі маңызын ерекше атап өтеді. Ата Заң – мемлекетіміздің берік негізі, тәуелсіздігіміздің тұғыры және қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің кепілі.

Конституция – тек заңдар жиынтығы ғана емес, ол – халықтың еркін білдіретін, мемлекет дамуының басты бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Президент атап өткендей, Ата Заң әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауды басты орынға қояды. Заң үстемдігі орнаған жерде ғана әділетті қоғам қалыптасады.

Мемлекет басшысы Конституцияны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы екенін үнемі айтып келеді. Себебі заңға бағыну – өркениетті қоғамның басты белгісі. Конституция талаптарының орындалуы еліміздегі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және ұлтаралық татулықты қамтамасыз етеді.

Президент өз Жолдауларында Конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты арқылы әділетті әрі теңгерімді басқару жүйесін қалыптастыруды мақсат етіп отырғанын атап өтті. Бұл өзгерістер халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Конституция – біздің ортақ құндылығымыз. Ол – тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын негізгі бағдар. Сондықтан әрбір азамат Ата Заңды құрметтеп, оның талаптарын орындауға міндетті. Тек сонда ғана біз әділетті, дамыған және қуатты мемлекет құра аламыз.

№55 «Жеңістің 50 жылдығы » ЖББМ КММ-сі директоры: Умиралив Қазыбек Абуталипович

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қаңтар оқиғаларынан кейін көрінбей кеткен Мамин мен Жақсыбеков Чемпиондар лигасының финалында көзге түсті

admin

ӘСКЕРИЛЕР НЕЦАРИМ ДӘЛІЗІНЕН ШЫҚТЫ: ПАЛЕСТИНАЛЫҚТАР ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

41 ҰСАҚ МАЛДЫ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ