aspan

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ӘЛЕУЕТІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қаратау ауданының инфрақұрылымдық дамуындағы жаңа кезең. Брифинг барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған және жоспарланған жұмыстарды таныстырды. Ағымдағы жылы инфрақұрылымдық жүйелерді дамыту, абаттандыру, жарықтандыру және жол жөндеу жұмыстарына басымдық беріледі.

Қаратау ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 99%. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізілмек. Сонымен қатар, электр жарығымен қамту – 99%, табиғи газбен қамту – 98%. Осы көрсеткіштер де жыл соңына дейін 100%-ға жетеді деп жоспарлануда. Жылыту маусымына дайындық бойынша, аудан аумағында жалпы 668 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның 524-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, ал 144 үй автономды жылу жүйесін пайдаланады. Қазіргі таңда 100% көпқабатты тұрғын үйге сығымдау жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, 2025 жылы кәріз жүйесімен қамту 46%-ды құраса, 2026 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 55%-ға жетеді деп күтілуде.»
«Ауданда 753 шақырымды құрайтын 896 көше бар, оның 745 шақырымы асфальтталған, ал 8 шақырымы шағалтаспен жабылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағындағы көше жарықтандыруы 100%-ға жетеді.

Ал аудандағы балалар мен спорт алаңшаларының саны да артып келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша 255 балалар алаңшасы мен 117 спорт алаңшасы бар. Жауапты басшы, Қаратау ауданында инфрақұрылымдық жұмыстардың қарқынды жүзеге асуы аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, ауылдық жерлерде де заманауи қолайлы жағдайлар жасалады деп сендірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІМЕН 140 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, 11 ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

Отчет председателя Совета по защите прав предпринимателей

Телеарна ХанТВ