aspan

ИЛОН МАСК БАЙЛЫҒЫ 800 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТКЕН ТАРИХТАҒЫ АЛҒАШҚЫ АДАМ АТАНДЫ

Илон Маск зымыран шығаратын SpaceX компаниясы оның жасанды интеллект пен әлеуметтік желілер саласындағы xAI компаниясын сатып алғаннан кейін, байлығы 800 миллиард доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам болды. Forbes деректеріне сәйкес, біріктірілген компанияны 1,25 триллион долларға бағалаған бұл мәміле Масктың дәулетін 84 миллиард долларға арттырып, оны рекордтық 852 миллиард долларға жеткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәміледен бұрын Маск SpaceX-тің шамамен 42% үлесіне ие болған, оның құны желтоқсанда жарияланған тендерлік ұсынысқа сәйкес 336 миллиард доллар деп бағаланған. Сонымен қатар ол xAI-дың шамамен 49% акциясына иелік еткен, айдың басындағы жеке қаржыландыру раунды бұл компанияны 250 миллиард долларға бағалап, Масктың үлесін 122 миллиард долларға теңестірген. Бірігу нәтижесінде SpaceX 1 триллион долларға, ал xAI 250 миллиард долларға бағаланып, Forbes есебі бойынша, Маск енді құны 542 миллиард доллар болатын біріктірілген компанияның 43% үлесіне ие болды.

Осылайша, SpaceX – Масктың ең құнды активі. Оның сондай-ақ құны 178 миллиард долларлық Tesla акцияларының 12% және қосымша 124 миллиард долларға бағаланатын Tesla акцияларына опциондары бар. Бұған Tesla акционерлері қарашада мақұлдаған рекордтық сыйақы пакеті кірмейді: егер Tesla келесі 10 жылда нарықтық капитализациясын сегіз еседен астам ұлғайтатындай аса жоғары көрсеткіштерге жетсе, бұл пакет Маскқа қосымша акциялар түрінде 1 триллион долларға дейін алып келуі мүмкін.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН МЕН САУД АРАБИЯСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ОРНАДЫ

Телеарна ХанТВ

Қарағандыда тұрғын үйлерде улы газдан қорғайтын датчиктер тегін орнатылуда

Телеарна ХанТВ

ВЕЙП САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ