aspan

70 ЖАС ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНҒАН

Түркістан облысы бойынша өңірлік кадр резервіне 30 азамат іріктеліп алынды. Бұдан бөлек, Президенттік жастар кадр резервінен іріктеусіз 2 азамат қабылданып, жалпы резервтегі азаматтар саны 32-ге жетті.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кадр комиссиясының кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев өңірлік кадр резервіне қабылданған резервшілерді мемлекеттік қызметке орналастыру бойынша баяндады.

Комиссия отырысында мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткерудегі өзекті мәселелері де талқыланды. Бүгінде облыстағы жергілікті атқарушы органдардағы бос лауазымдар 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 219-ды (5,8%) құрады. Қазіргі таңда облыс бойынша 70 жас түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды. Бұдан бөлек, Заңда өкілеттілілігі аяқталған ауылдық округ əкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндіктері де қарастырылған.Жалпы, өңірде осы жылдың 9 айында жалпы бос лауазымдарды толтыру бойынша 874 конкурс жарияланып, өткізілген.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘУЕЖАЙҒА ҚОНҒАН SUKHOI SUPERJET 100 ҰШАҒЫ ӨРТЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ЖОЛ АПАТЫ САЛДАРЫНАН 6 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

 ПОЛИЦЕЙЛЕР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ 10 МАС ЖҮРГІЗУШІНІ АНЫҚТАДЫ

Телеарна ХанТВ