aspan

Павлодар облысының әкімі әпкесіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді. Ол бұл ақпаратты растады.

Бұған дейін желіде патрульдік полиция әкімнің әпкесінің жеңіл мас күйде болғанын хабарлаған еді.

4 қарашада Екібастұзда Hyundai Tucson көлігін тізгіндеген азаматша Б. медициналық тексерістен өткізіліп, жеңіл мас күйінде болғаны анықталған. Көлікті тоқтату сәтінің видеосы болмаған: полицей видеорегистратордың батареясы таусылғанын айтқан.

Сотта әйел көлік қозғалтқышын қоспағанын алға тартты, бірақ мас болғанын мойындады.
Сот шешімі бойынша ол 15 тәулікке қамауға алынды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР МҮЛДЕМ БАСПАНАСЫ ЖОҚ АЗАМАТТАРҒА БАҒЫТТАЛУЫ ҚАЖЕТ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Телеарна ХанТВ

«№55 «Жеңістің 50 жылдығы » жалпы білім беретін мектеп»

Телеарна ХанТВ