13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

БЕРІК УӘЛИ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЖАҢА ЗАУЫТТА БОЛДЫ

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында салынып жатқан жаңа зауытта болды. Семейдегі «Шығыс ШПЗ» ЖШС базасында OSB плиталары мен фанера өндіретін кәсіпорынның құрылысы толық аяқталып, жабдықтар орнатылған. Қазіргі уақытта зауытта жабдықтарды іске қосуға дайындау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылатын болады. Мұнда 20-ға жуық өнім түрлері шығарылмақ.Іске қосылған соң 70–80 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.Кәсіпорын басшылығы облыс әкімінен өндірісті кеңейту үшін жер учаскесін бөлуге көмек көрсетуді сұрады. «Ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті өнімнің үлесі артады. Біз инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп, өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз етеміз», – деді облыс әкімі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады

Телеарна ХанТВ

“НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!”: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАДАҒЫ МЕКТЕПТЕР КҮЗЕТШІСІЗ ҚАЛДЫ

admin