ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНДА КӨРНЕКІ ЖАЗУШЫ ЗАХАРДИН ҚЫСТАУБАЙҰЫЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫНА ӘДЕБИ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ. ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТ ПЕН ЖАС ОҚЫРМАНДАР БАС ҚОСҚАН ЖИАНДА «ТҰМАН» КІТАБЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН СУРЕТКЕР ШЕБЕРЛІГІ СӨЗ БОЛЫП, ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ОРТАҒА САЛЫНДЫ.
«Бір қала-Бір кітап» жобасы аясында бастау алған кездесу мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу болып отыр. Бұл ретте аталмыш шара — Өскелең ұрпақтың зияткерлік рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеруге сеп болмақ. Әдеби басқосуда сөз алған Захардин Қыстаубайұлы романды жазу идеясы бойынша кеңінен толғана сөйлеп, роман бойынша кей жазушылық шеберлік құпия ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, сөз саптау мәдениеті, заманауи журналистиканың кем-кетіктері мен саладағы олқылықтар туралы ойын ортаға салды.
Кітапхана басшылығы, филология саласының мамандары, студенттер мен бірақатар кітапсүйер жас оқырмандар әдеби талқылаудың арқауы болған «Тұман» кітабының мән-мағынасына терең бойлады. Студенттер шығарма авторына өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Тағылым терең кездесуде басқосудың маңыздылығы айтылып, сыр шертілді. Әдеби кешке келген студенттердің сөзінше, «Тұман» романындағы оқиға желісі, кейіпкерлердің іс-әрекеттері қатты қызықтырған.
Кеш соңында жазушы, Қазақстанның құрметті журналисті, жазушылар одағының мүшесі Захардин Қыстаубайұлы бүгінгі кеш әсерімен бөлісі, студенттерге сәттілік тіледі. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта кеш жалғасын табатынын айтып, жобаның ауқымын кеңейту жоспарда бар екенін жеткізді.

