16.3 C
Shymkent
20 октября, 2025
aspan

Әлем чемпионы, армия спортшысы Алуа Балқыбекова әскери ант берді

Алматы қаласында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанатты рәсімі өтті.

Ан берген әскери қызметшілер қатарында атақты спортшы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова да болды. Ол екі алтын медальдің біріншісін биыл наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесінде ұтса, ал екіншісін қыркүйек айында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен жарыста жеңіп алды.

Әскери ант беру оның қызметтік және спорттық мансабындағы маңызды кезең болды.

– Погон тағып, Қарулы күштер қатарында қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Армия орталық спорт клубында қызмет ету спортта дамуға және Қазақстанды беделді халықаралық турнирлерде танытуыма мүмкіндік берді, – деді А. Балқыбекова.

Сол күні қазақ күресінен Азия біріншілігінің жүлдегері, республикалық чемпионаттардың екі дүркін жеңімпазы және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Бақыт Құсақбаева әскери ант қабылдады.

Әскери ант бергеннен кейін А. Балқыбекова мен Б. Құсақбаеваға қатардағы жауынгер әскери атағы берілді.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Қорғаныс министрлігі спорттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Армия спортшыларының елімізде және әлемдік аренадағы жетістіктері – спортшылардың биік рухы мен Отанға адалдығының жарқын дәлелі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІЛІМ САПАСЫНА АЙРЫҚША НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Телеарна ХанТВ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Телеарна ХанТВ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ