23.3 C
Shymkent
10 октября, 2025
aspan

МАМАНДАР ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Дүниежүзілік құтыру індетіне қарсы күрес күні аясында – құтырудың,ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция)  мен тұмаудың алдын алу шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Конференцияға Айгүл Тұрымбетова мен Мұрат Ағабаев қатысып, тұрғындар арасында аурулардың алдын алу және вакцинацияның маңыздылығын атап өтті.

 Адам өмірі мен денсаулығы  ең қымбат байлық.Алайда, сол өмірге қауіп төндіретін жұқпалы дерттердің бірі – құтыру ауруы.Бұл дерт адам мен жануарларға ортақ, яғни зоонозды аса қауіпті аурулар қатарына жатады.Құтырудың ең басты қаупі  орталық жүйке жүйесіне әсер етуінде.Вирус ми мен жұлынды зақымдап, ағзаның барлық қызметін бұзады.Ауру көбінесе ит, мысық, түлкі, қасқыр сияқты үй және жабайы жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің жараға түсуі арқылы жұғады.Уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе, вирус ағзада жасырын дамып, өлімге әкелуі мүмкін.Сондықтан құтырудың алдын алу – ең тиімді әрі ең қауіпсіз жол болып саналады.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қала аумағында құтыру дерегі тіркелмеген.Белгілі және белгісіз жануарлардың тістеуінен немесе тырнауынан 2735 адам медициналық көмекке жүгінген.Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 49 пайыздан асады.Зардап шеккендердің басым бөлігі – ит пен мысықтан жарақат алғандар.Мамандардың айтуынша, зардап шеккен әрбір адамға антирабиялық екпе курсы толық жүргізіледі.Сондай-ақ, қауіпті аймақта жұмыс істейтін – ветеринарлар, зертхана қызметкерлері, ит аулаушылар мен орман шаруашылығы мамандарына жоспарлы түрде вакцинация жасалады.Құтыру алдын алуға болатын, бірақ ескерілмесе, қайғылы аяқталатын дерт.Сондықтан тұрғындар үй жануарларын уақтылы ектіріп, белгісіз жануарлармен байланысқа түспеуі тиіс.

 Баспасөз конференциясында мамандар құтыру, тұмау және (жіті респираторлық вирустық инфекция)індеттерінің алдын алу жолдарын кеңінен түсіндіріп, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Сондай-ақ, уақытылы екпе алып, жеке гигиенаны сақтау – өз денсаулығын қорғаудың ең тиімді тәсілі екені атап өтілді. Мамандар жұқпалы дерттердің таралуына жол бермеу үшін сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ 24 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР  «ҚОСҚОРҒАН» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН АЙМАҚТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

«АЛЬФРЕД» ДАУЫЛЫ САЛДАРЫНАН МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ