28.3 C
Shymkent
10 сентября, 2025
aspan

БЕРІК УӘЛИ  БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай облысының әкімі Берік Уәли Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Катаржина Вавьерния бұл сапарының Абай облысына үшінші рет келгенін атап өтіп, өңірде Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының өкілдері жұмыс істейтінін жеткізді. Оның айтуынша, ұйым тұрғындардың өтінішіне сәйкес төрт ауданда балалар ойын алаңдарын салу, мұз айдынын ашу және қоқыс тастауға арналған құрылғылар орнату сияқты әлеуметтік жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр «Абай облысымен серіктестігіміз жылдан жылға нығайып келеді. Қазіргі таңда жаңадан құрылған өңірлерге арналған даму бағдарламаларын әзірлеп жатырмыз. Бұл тек ірі қалаларға емес, ауылдық аймақтарға да бағытталған. Бүгін Жаңасемей ауданында боламыз. Тәжірибеміз сіздер үшін пайдалы болады деп сенеміз», – деді БҰҰДБ өкілі. Өз кезегінде аймақ басшысы Берік Уәли Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының өкілдерімен әріптестікті жоғары бағалап, қонаққа өңірге арнайы келгені үшін алғыс білдірді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

admin

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ТАРАЗДА ЖОЛДА АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАҒАН КУӘЛІГІ ЖОҚ ЖҮРГІЗУШІ 3 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ .

Телеарна ХанТВ