33.3 C
Shymkent
30 мая, 2026
aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы жанат элимановты қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.Президентке ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар жөнінде баяндалды.

Ведомство 24 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды әшкерелеп, есірткі сатудан және алаяқтықтан түскен табыстарды жылыстатқан 20 заңсыз криптобиржа қызметін тоқтатқан. Президентке Қаржылық мониторинг агенттігі 720 қылмыстық істі тергеуді аяқтап,15 ұйымдасқан қылмыстық топты, соның ішінде 3 трансұлттық топты жойғаны жөнінде ақпарат берілді. Бұдан бөлек, 17,1 миллиард теңге сомасындағы мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекеті тоқтатылды, заңсыз темекі өнімдерін дайындаған 2 жасырын цех және суррогат алкоголь өнімдерін өндіретін 16 цех әшкереленді. Жанат Элиманов азаматтардың қаржылық мүдделерін қорғау бағытында қабылданған шаралар туралы әңгімеледі. Заңсыз микронесие беру деректері бойынша 23 тергеу ісі басталды. Оның шығыны 71 миллиард теңгені құрайды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы ведомство қызметінің басты бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Енді Қазақстанда концерттерде фонограмма қолдануға рұқсат жоқ

Телеарна ХанТВ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН АЛАТЫН АЗАМАТТАРҒА «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» АРҚЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛМЕК

Телеарна ХанТВ

СОЗАҚТА ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПЕН СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Телеарна ХанТВ