26.8 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ

35748 әскери бөлімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбындағы жолдауы  тыңдалды. Президент өз сөзінде еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ұлттық қауіпсіздікті күшейтіп, заманауи технологияларды енгізудің маңызы зор екенін атап өтті.Жолдау әскери қызметшілерге жаңа міндеттерді айқындап, ел қорғанысын күшейту жолында басты бағдар болмақ.

Ұлттық қауіпсіздікті арттыру, экономиканы дамыту және заманауи технологияларды енгізу еліміздің басты стратегиялық бағыты. Әскерилер бұл бастамаларды ерекше назарға алып, жаңа дәуірдің талабына сай әскердіңде  дамуы тиіс екеніне тоқталды. Қарулы күштердің цифрлық шешімдерді енгізіп, озық технологияларды меңгеруі елдің қорғаныс қабілетін арттыратынын жеткізді.

Әскери бөлім сарбаздары Президент белгілеген бағытты толық қолдайтынын білдірді. Олар үшін Жолдау – тек саяси құжат емес, елге қызмет етудің жаңа мүмкіндіктерін айқындап беретін бағдаршам іспеттес. Мерзімді қызметтегі сарбаздар елдің тыныштығын қорғауда өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін айтты. Командирлер болса, Жолдаудағы нақты міндеттерді жүзеге асыруда әскердің рөлі айрықша дейді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СИҚЫРҒА СЕНЕСІЗ БЕ?

Телеарна ХанТВ

ЕҢБЕК АДАМЫ-ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Телеарна ХанТВ

ЗЕЙНЕТКЕРДЕН 46 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚТАР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Телеарна ХанТВ