Шымкент қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта Тұран ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мамандары тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Қызметкерлер жылыту маусымында тұрмыстық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, арнайы жадынамалар таратты. Сонымен қатар, тұрғын үйлерде газдан уланудың алдын алу үшін арнайы газ қауіпінің дабылқаққыштары орнатылып, халыққа олардың жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдері қысқы маусымда қауіпсіздікті басты назарда ұстап, кез келген төтенше жағдайдың алдын алу үшін әрбір азаматтың қырағылығы маңызды екенін жеткізді.
Шараға 50-ге жуық қызметкер қатысып, жылыту маусымында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Мамандардың айтуынша, бұл шара ерекше сипатқа ие болды. Себебі биыл Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс акциясы ұйымдастырылып, оның аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға газ дабылқаққыштары тегін орнатылуда.Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қауіпсіздікті сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін ескертіп, тұрғындарды қырағылыққа шақырды.
Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындар да қауіпсіздік талаптарын толық сақтағаны байқалды. Олар орнатылған дабылқаққыштарға дән риза болып, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оқыс оқиғалардың саны азайып отыр.Төтеншеліктер үшін жылдың төрт мезгілі де қарбаласқа толы екені анық. Ал қауіпсіздікті арттыруға бағытталған мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.