22.3 C
Shymkent
15 августа, 2025
aspan

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Бүгін  Шымкенттке іссапармен келген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  Президент реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға, сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыттар бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады.

Қазіргі таңда республика бойынша 4 906 БАҚ тіркелген. Оның ішінде Шымкент өңіріндегі баспасөз құралдары да ақпараттық кеңістікте белсенді жұмыс атқаруда. Бәсекелестіктің артуы мен технология дамуы — ақпараттық-коммуникациялық салаға жаңа талаптар қойып отыр. Бүгінде әр азамат әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформалар арқылы ақпарат таратушыға айналды. Бұл өз кезегінде интернеттегі жарнамаларды, жарияланған материалдарды заң аясында реттеуді талап етеді.Жарияланған ақпарат ақылы қызмет түрінде ұсынылған жағдайда, тиісті айыппұл салу көзделген. Ал теріс немесе жалған мәлімет тарату — басқа азаматтардың құқығын бұзу болып саналады және бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында да нақты көрсетілген. Мұндай жағдайда 15 тәулікке дейін қамау шарасы қолданылуы мүмкін, ал қайталанған жағдайда жауапкершілік күшейеді.

Мамандардың айтуынша, қоғамдағы тұрақтылық — әрқайсымыздың жауапкершілігімізге тікелей байланысты. Сондықтан заң талаптарын сақтау, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу және оны таратуда сауаттылық таныту — еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін, әлеуметтік тапсырыстарды және мемлекеттік емес секторды реттейтін заңдар — азаматтық қоғамның дамуына негіз болар маңызды құжаттар. Қазір осы үш заңды біріктіріп, бірыңғай жаңа заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүріп жатқандығы айтылды. Бұл мақсатта министрлік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Өңірлік азаматтық форумдарда ұсыныстар жинап, жаңа заңның сапалы әрі нәтижелі болуы үшін барша ұйым өкілдерін белсенді атсалысуға шақырады.

 Конференциядан соң министр Аида Ғалымкызы азаматтарды жеке қабылдады. Республика Хан тв  телеарнасының төрағасы  министрдің жеке қабылдауында  болып, БАҚ соның ішінде  телеарна бойынша  және  шымкент қаласының мәдениет саласы бойынша  жемқорлықтың орын алып жатқандығы  туралы  мәселе көтерді. Атап айтқанда , спутник арқылы эфирге шығу бағасы  өте жоғары екенін  ескере келіп,  сондай -ақ  министр басшылығымен  арнайы комиссия құрылып бағаны төмендету шараларын қабылдауды ұсынды. Өз кезегінде министр   бұл ұсыныстарды  дұрыс қабылдап,  аладағы уақытта оң шешімін табатынын жеткізді. Сондай ақ Хан тв телеарнасының төрағасы , Қазақ журналистикасының қайраткері Қуаныш Тасболатұлы Ботабеков  мәдениет саласын  журналистік зерттеу-зерделеу  нәтижесінде, Шымкенттегі  этноауылға кеткен  миллиардтаған қаражаттың  талан-таражға түскенін, сонымен қатар  Шымкент қаласында орналасқан қуғын сүргін музейінде реконструкция сылтауымен  300 млн-ға  жуық қаржының заңсыз игерілгендігін  дәлелденгендігін айтып, мәдениет басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев бұл қаржыны қайтарғызуға  асықпай  отырғандығын жеткізді. Министр бұл бойынша  құзырлы органдарға ұсыныс тастайтынын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ 3085 АДАМҒА ЖЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ БИІ МЕН ДӘСТҮРЛІ ӘНІ ШЫМКЕНТ САХНАСЫНДА ТОҒЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

Карты «Ата жолы»: этнические казахи со всего мира используют возможность интеграции с исторической родиной

Телеарна ХанТВ