Үндістанның солтүстігінде кенеттен болған су тасқыны мен көшкін салдарынан шамамен жүз адам із-түзсіз жоғалып кетті. Кемінде төрт адамның қаза болуына байланысты ауқымды іздестіру-құтқару операциясы басталды. Үндістанның Гималай аймағындағы қалада лай көшкіні болды. Өзен аңғарында бірнеше ғимарат қирап, төрт адам қаза тапты, тағы шамамен 100 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Жергілікті БАҚ таратқан бейнежазбалардан лай су ағынының Уттаракханд штатындағы туристік аймақ — Дхаралидегі тұрғын үйлерді шайып кеткенін көруге болады. Бірнеше адам жол бойымен қашып бара жатқан. Алайда олар ғимараттардың қирандылары мен ағаштарды тамырымен жұлып әкеткен көшкіннің астында қалды.Уттаракханд штатының бас министрі Пушкар Сингх Дхами құтқару топтары “әскери режимде” жұмыс істеуге жұмылдырылғанын мәлімдеді.Қалаға 150 әскери қызметкер жіберіліп, олар лай көшкіні астында қалған 20-ға жуық адамды құтқарып алды. Қаланың бір бөлігі үйінді астында қалды. Кей жерлерде лайдың биіктігі үй шатырларына дейін жеткен.Су тасқыны қатты нөсер жаңбырдың салдарынан, ойда-жоқта басталған. Үндістанның метеорологиялық басқармасы бұл аймаққа қызыл деңгейлі қауіп туралы ескерту жариялады. Уттаракхандтың кейбір бөліктерінде жауын-шашын көлемі шамамен 21 сантиметрге жеткен.