31.3 C
Shymkent
16 августа, 2025
aspan

БІР АПТАДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ТАЛДАУ ДАЙЫНДАУЫ КЕРЕК – ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеп, құқық қорғау органдарының жұмысында кемшіліктер бар екенін мойындады. Дегенмен жағдайды тым ауырлатудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның қауіпсіз әрі заңға бағынатын ел болуға тиіс екенін атап өтті. «Әрине, құқық қорғау мекемелерінің жұмысында ешқандай қате немесе жетіспеушілік жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ қара бұлтты төндірудің де қажеті жоқ. Бәріміз бір ел, бір халық болып Қазақстанымыз үшін қызмет етіп, табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ ұлттық парыз, азаматтық борыш. Қазақстан қауіпсіз, заң мен тәртіпке бағынатын ел болуы керек», – деді ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы ретте Тоқаев президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесі бір аптада құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек деген тапсырма берді. «Барлық түйткілді ашық түрде көрсетеді, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Бұл өте маңызды жұмыс, оны жалғастыру қажет. Түптеп келгенде, біздің басты бағдарымыз – айқын. Бұл – заң мен тәртіп қағидаты. Қызметтеріңізге табыс тілеймін!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИЗРАИЛЬ СИРИЯ ЖЕРІНЕ ДЕНДЕП ЕНІП БАРА ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

«CYBERPOL» АРНАЙЫ ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ