22.3 C
Shymkent
2 июля, 2025
aspan

ҚАҚТЫҒЫСҚА АҚШ ҚОСЫЛДЫ

Иран-Израиль қақтығысына АҚШ қосылды. Кеше Дональд Трамп Иранның уран байыту бойынша ең ірі зауыттары толық жойылғанын мәлімдеді. Израиль Премьер-министрі Нетаньяху Трамптың көмегіне алғыс айтты. Ал Иран шабуыл жасалған нысандардың толық жойылғанын жоққа шығарып, уран байытуды жалғастыратынын айтты.

Халықаралық қауымдастық болса, бұның арты қанды қақтығысқа апармаса екен деп алаңдайды. Фордоу, Натанз, Исфахан Ирандағы ең ірі ядролық нысандар. Бұл Израиль үшін алынбайтын қамалға айналған. Алайда АҚШ араға түсіп, ең қуатты бомбаларын Парсы жеріне тастады. Бұл әрекеті үшін Трампқа Биньямин Нетаньяху алғыс айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымы айыптады. Трамп болса, Тегеран қақтығысты тоқтатуға келісуі керек деп санайды. Алайда кері шегінетін Иран жоқ. Соңғы соққыға қарымта ретінде Израильге бірнеше баллистикалық зымыран жіберіп, Хайфа, Тель-Авив және Шефела қалаларындағы ондаған адам жарақат алды. Жалпы Израиль мен Иран бір-бірін 13 маусымнан бері үздіксіз шабуылдап келеді.  Израиль мен АҚШ «Иран ядролық қару жасап жатыр» деп ойлайды. Ал Тегеран мұны жоққа шығарып, уран өндірісі тек бейбіт мақсатта екенін айтады. Трамп Иранның толық берілгенін қалайды. Ал Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменей соңына дейін күресетінін мәлімдеді. Тіпті өзі қаза тапқан жағдайда орнын басатын ізбасарларын да таңдап қойды. Олардың кім екені әзірге құпия сақталмақ. Бұл шешім арқылы аятолла Хаменей шиеленіс ушыққан жағдайда биліктің жедел әрі жүйелі ауысуын қамтамасыз етіп, өз мұрасын сақтап қалғысы келеді. Израиль мен АҚШ-тың Иранға көрсеткен сесіне Йемендік хуситтер қол қусырып отыра алмай, Таяу шығыстағы қақтығысқа қатысуға бел буды. Олар Иранға бағытталған соққылар тоқтамайынша Қызыл теңіздегі АҚШ-қа тиесілі кемелерді шабуылдауын үдете түспек. Қызыл Теңіз – әлемдік сауданың шамамен 10 пайызы өтетін стратегиялық маңызды аймақ. Бұл өңірдегі шиеленістің ушығуынан жаһандық экономика мен қауіпсіздікке келер залал көп.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МӘЖБҮРЛІ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАР САНЫ 83 МЛН АДАМҒА ЖЕТТІ

ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ТУРАЛЫ БЕЛГІСІЗ ХАБАРЛАМА ТҮСТІ

Телеарна ХанТВ

1,1 МИЛЛИОН АДАМ ТҰМАУ ЖҰҚТЫРДЫ

Телеарна ХанТВ