29.3 C
Shymkent
18 августа, 2025
aspan

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ  ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСЫНДАҒЫ «БАЛДӘУРЕН» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ДЕМАЛУҒА КЕЛДІ

Әскери қызметшілердің балалары түркістан облысындағы «балдәурен» сауықтыру лагеріне демалуға келді.Төлеби ауданында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалындағы алтыншы ауысым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Түркістан қаласы әскери қызметшілерінің балаларынан бөлек, мұнда әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктер арасындағы жарыстардың өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен командалардың мүшелері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері мен кадет сыныптарының оқушылары келді.Лагерьде балалар үшін мерекелік бағдарлама және аумаққа экскурсия ұйымдастырылды. Күн тәртібімен, тұру және қауіпсіздік ережелерімен танысқаннан кейін балалар бірден лагерь өміріне қосылды. Танысу, командалық ойындар және шығармашылық шеберханалар оларға достық атмосфераны сезінуге және жаңа жағдайға бейімделуге көмектесті.Орталықта болу мерзімі — 21 күн. Бұл ретте мәдени-демалыс және сауықтыру іс-шараларынан басқа балалар мектеп бағдарламасы бойынша сабағын жалғастырады.Әскери қызметшілердің балалары үшін мұндай демалысты ұйымдастыру Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің уағдаластықтары мен бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.  Жалпы, 2025 жылы «Балдәурен» орталығының филиалдарында мыңнан астам бала демалмақ.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды 2025 жылғы 20 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Телеарна ХанТВ

«МАН-И» ДАУЫЛЫНАН 8 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕЛ БОЙЫНША ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Телеарна ХанТВ