Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесті. Тараптар Түркістан облысы мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тұстарын, соның ішінде сауда, туризм, және екі ел арасындағы көлік тасымалы, сондай-ақ Түркістанмен өңіраралық қатынастарды орнатудың бағыттарын талқылады.
Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасының еліміздің сыртқы сауда қатынастарындағы маңызды рөлін атап өтті. Өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін жеткізді.2018 жылы құрылған Түркістан облысының аумағы пайдалы қазбалар мен кен орындарына бай, өңірдің табиғи — климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экономиканың өсуі мен әртараптандырылуына қол жеткізудің негізгі факторларының бірі – инвестициялар тарту және индустрияны дамыту. Түркістан облысымен Иран Ислам Республикасының өңірлері арасындағы екі жақты ынтымақтастығының дамуы өте маңызды. Облыста шетелдік компанияларының өндірістерін ұйымдастыру үшін дайын инфрақұрылымы бар индустриалды аймақтар бар дайынбыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.Кездесу соңында тараптар барлық өзара тиімді бағыттар бойынша ынтымақтасуға дайын екендерін айтты.