aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

2025 жылы Шымкент қаласында амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жүйесінде 60 медициналық ұйым қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 7 мекемеге артты. Мемлекеттік емханаларға 607 мың адам (49%), ал жекеменшік емханаларға 639 мың адам (51%) тіркелген. Қала тұрғындарына қадамдық қолжетімділікті арттыру мақсатында 2022-2024 жылдар аралығында 14 жаңа емхана ашылып, бір емханаға орташа тіркелген халық саны 25 мыңнан 20 мың адамға дейін қысқарды.
Стационарлық көмек көрсету бағытында 44 медициналық ұйым (оның ішінде 15 мемлекеттік және 29 жеке меншік) 4 894 төсек-орынмен қамтылған. Ауруханалардағы төсек-орын саны 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға артты. Қалада монопрофильді, қалалық көпбейінді ауруханалар мен оңалту орталықтары қатар жұмыс істеп, тұрғындарға кешенді медициналық қызмет ұсынуда. Сондай-ақ, жаңа көпбейінді аурухана (клиника «Хадиша») 257 төсек-орынмен ашылып, әртүрлі медициналық бағыттар бойынша қызмет көрсетуді бастады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда көміртекті ұстау және метан шығарындыларын азайту технологиялары енгізіледі

Телеарна ХанТВ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-БЕЛСЕНДІ ӨМІР САЛТЫ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ