21.3 C
Shymkent
16 августа, 2025
aspan

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-НЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Кездесу барысында компанияның Түркістан облысын дамытуға қолдауын күшейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту жолдары талқыланды. Компанияның Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдарын кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесі де сөз болды.

 – Облыс аумағында  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты 12 компания жұмыс істейді. Олардың 10-ы уран өндірумен айналысады, 1 компания барлау жұмыстарымен және 1 компаниясы электр энергиясын тасымалдау қызметін атқарады. Компанияның облысқа қолдауын күшейту,  Созақ ауданының елді мекендеріне әлеуметтік және демеушілік көрсету бойынша бірлесе жұмыстар атқаруды ұсынамын. Бір колледжді сенімгерлік басқаруға алып, тиісті кадрларды даярлауға да үлес қосады деп сенемін, – деген Нұралхан Көшеров уран өндіруші бірлескен кәсіпорындарының бас кеңселерін Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселесін де қарастыру жөнінде ұсынысын жеткізді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компания өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінетінін, әлеуметтік нысандар салуға демеушілік көрсетілетінін атап өтті. Ұсыныстарды зерделеп, қарастыратынын айтты. Түркістан облысының тау-кен өндіру өнеркәсібінің 98%-ы және өңдеу өнеркәсібінің металлургия саласының 99,8% үлесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на тиесілі.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА

Телеарна ХанТВ

«УЧАСТКЕ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ — ӨЗІҢДЕ!»

Телеарна ХанТВ