aspan

АҚШ ШАБУЫЛДАРЫНАН 80 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Йеменде АҚШ-тың әуе соққыларынан 80 адам қаза тапты. Әл-Ходейда провинциясындағы мұнай терминалын бомбаланған. Құрбандар арасында теңіз айлағының қызметкерлері мен алғашқы әуе соққыларынан кейін оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасының мүшелері бар.

«Әл-Жазира» тағы 150-ге жуық йемендік жараланғанын хабарлады. АҚШ кейінгі 2 күнде 13 әуе шабуылын жасаған. Пентагон аталған мұнай терминалда хуситтер Қызыл теңіздегі операцияларына қажетті жанармай сақтаған дейді. Бірақ Йемен билігі: «Бұл нысан тек азаматтық мақсатта пайданылды, оның әскери инфрақұрылымға еш қатысы жоқ», — деп мәлімдеген. Терминал ауруханалар, кәсіпорындар мен гуманитарлық қызмет орындарын жанармаймен қамтамасыз еткен. Біріккен ұлттар ұйымы тараптарды халықаралық құқық талабын сақтауға шақырды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «JUNIORSKILLS – ABAI 2025» ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Телеарна ХанТВ

Тоқаев Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ КАРТОП БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Телеарна ХанТВ