aspan

АБАЙ ІЛІМІ: ТОЛЫҚ АДАМ НЕГІЗІНДЕГІ БҮГІНГІ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия базасында Абай ілімі: Толық адам негізіндегі бүгінгі ұстаз бейнесі тақырыбындағы республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Шараға еліміздің бірқатар өңірлерінен келген мұғалімдер мен әдіскерлер қатысып, аталған тақырып бойынша дискуссия өткізді. Толығырақ алдағы сюжетте.

Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Айтулы мереке аясында қалалық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталығы бірнеше шараларды ұйымдастыруды жоспарлаған. Мәселен абай ілімін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау аясында бірқатар тәжірибелік конференциялар мен сайыстар өткізілді. Соның бірі Абай ілімі: толық адам негізіндегі бүгінгі ұстаз бейнесі тақырыбында бастау алған республикалық конференция. Жиынның негізгі мақсаты Абай ілімін жас ұрпаққа насихаттап, түсініп оқуға бағыттау.

Сондай-ақ жиын барысында Абай ілімінің рухани құндылығы да атап өтілді. Айтуынша моральдық құндылықтар адамның таным көкжиегін кеңейтуге көмектеседі. Демек адам баласы үшін рухани байлық қай кезеңдеде мол азы бола алады. Бұл дүниелер Абай ілімінде кеңінен айтылған дейді ғалымдар.

Айта кетейік, биыл ұлы ақынның 180 жылдығына орай бірқатар жобалар ұйымдастырылмақ. Абайдың ғұмыры өткенді еске алу ғана емес, болашаққа бағдар жасап, елімізді одан әрі дамытудың негізін қалауға күш салуымызды талап ететін бірегей уақыт. Осылайша, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, ұлт руханиятын дамыту бағытындағы маңызды қадам болмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ»: БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ ҚОСА БЕРІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

ХУСИТТЕРГЕ ӘУЕ СОҚҚЫСЫН ЖАСАДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

admin