12.3 C
Shymkent
16 апреля, 2025
aspan

ӨРТ – ЕСКЕРТПЕЙДІ, КЕШІРМЕЙДІ, КҮТПЕЙДІ

Қаламызда  Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымында жүргізілген профилактикалық шаралардың қорытындысы нәтижесінде атқарылған шаралар жайлы есеп берді. Жиын барысында нендей мәселелер көтерілді,не айтылды? Іс шараға  қатысып қайтқан тілші тарқатсын?

Өрт тілсіз жау. Бір ұшқын – бүтін өмірді күлге айналдыра алады. Бір сәттік бейқамдық – талай адамның тағдырын өзгертуі мүмкін. Өрт – ескертпейді, кешірмейді, күтпейді. Сондықтан, қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! 2024-2025 жылғы жылу беру маусымында 2024 жылғы               1 қазаннан бастап 109 өрт тіркелген, бұл өткен жылға қарағанда   28,2%-ға өскен.

Жылыту маусымында 155 мыңнан астам адамды қамтитын   52 043 тұрғын үйлер араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.Сондай ақ тексеріс нәтижесі аясында тек Абай ауданының өзінде 7 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.Айта кететін жайт шараға жауаптылар күн райының жылынуына байланысты қоқыс немесе басқада дүниелерді жағу алдын қауіпсіздік ережесін сақтаса екен дейді.

Әрдайым сақтық пен мұқияттылық — өрттің алдын алудың басты кепілі.Өйткені апат айтып келмейтіні хак емеспе. Өрт – тілсіз жау, оның салдарын болдырмау әрбір азаматтың ортақ міндеті.

 

Related posts

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІЛІКПЕН КҮРЕС» ФОРУМЫ ӨТТІ 

Телеарна ХанТВ

ПАНСИОНАТТА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ ҚОРЛАП, КИІМСІЗ АУЛАДА ҰСТАҒАН

Телеарна ХанТВ

Ресми хабарлама

Телеарна ХанТВ