Шымкентте атышулы Назира голд ісіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. 500 адам жиналып, адвокаттары бұл істің ешқандай нақты дәлелдерге негізделмегенін, кәсіпкердің қамауға алынуының заңсыздығын мәлімдеді. Пәтерінен 12 келі алтын табылған 3 баланың анасына қанша адам арыз жазды? Қорғаушылар кәсіпкерге қатысты қандай деректерді жария етті?
Бұл Шымкент қаласының кіре берісіндегі мейрамхана. Мұнда жиналғандар тойға емес, өздері салым салған Назира Бибосынованың ісіне қатысты баспасөз мәслихатына келген. 300 адам қолына плакат алып, 3 баланың анасына бостандық сұрады. Еске салайық Өткен айда Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкент қалалық департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтаттық» деп хабарлаған болатын. Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 келі алтын бұйымдар тәркіленген. Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Қазіргі таңда Назира ГОЛД қатысты сотқа дейінге тергеу жұмысы жүргізілуде. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 5 жыл мен 10 жылға дейін жаза арқалап, жиған бар мүлкі мемлекет меншігіне қайтуы мүмкін.