33.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

35748 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖӨНДЕУ РОТАСЫ ТАКТИКАЛЫҚ-АРНАЙЫ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Жауынгерлік даярлық бағдарламасына сәйкес 35748 әскери бөлімінің жөндеу ротасының әскери қызметшілері шартты түрде істен шыққан әскери техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету тапсырмаларын сәтті орындады. Капитан Нұрлан Мұстафаевтың басшылығымен ротаның жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, шартты ауданға шығарылды. Онда олар мобильді жөндеу шеберханаларын қолдана отырып, қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы қалпына келтірудің әртүрлі кезеңдерін пысықтады.

Қамтамасыз ету бөлімшелерін орналастырудың белгіленген аймағында жөндеу ротасының жеке құрамы әртүрлі агрегаттар мен сыныптағы техникаға қызмет көрсету және жөндеу міндеттерін орындады. Оқу-жаттығу барысында дала жағдайында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған 14 бірлік әскери мамандандырылған техниканы жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары қозғалтқыш пен трансмиссия сияқты негізгі техника жүйелерін қалпына келтіруді қамтыды. Бұл әскери қызметшілерге өз дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, шектеулі уақыт пен ресурстар жағдайында стандартты емес және күрделі міндеттерді шешуді үйренуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, жаттығу барысында техниканың жауынгерлік қабілетіне жедел қалпына келтірудің маңызды элементі болып табылатын мобильді жөндеу шеберханаларында жұмыстарды ұйымдастыруға да ерекше назар аударылды. Жұмыстар жауынгерлік жағдайға жақын жағдайларда жүргізілді, бұл ротаның жеке құрамына тез жөндеу және техниканың әрі қарай пайдалануға дайындығын қамтамасыз ету дағдыларын тәжірибеде пысықтауға мүмкіндік берді.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ-ТЫҢ ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН 6 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

Шекарашының ұлы чемпион атанды

Телеарна ХанТВ

ЖЕЛІДЕ ЖАНЖАЛДЫҢ БАСТАЛҒАН СӘТІНДЕГІ ВИДЕО КАДРЛАРЫ ПАЙДА БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ