28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЖАС САРБАЗДАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ

Бүгін әскерде борышын өтеп қайтқан сарбаздарды теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Туған жерге оралған жауынгерлерді әскери қызметкерлер,ата-аналары, достары мен жақындары сағынышпен күтіп алып, зор қошемет көрсетті.

Отан алдындағы борышын абыроймен  атқарған 28 сарбаз Алматы қаласынан оралды. Жас сарбаздарды туыс-туғандары мен Шымкент гарнизоны шерулі оркестрдің үнімен күтіп алды. Құшақ-құшақ гүлдер салтанатты жиынның сәнін арттырды.Әскерге аттанған сарбаздарды сән-салатанатымен қарсы алу дәсүрге айналып келеді.  Әскерге аттанған өрімдей балалардың қысқа мерзімде  есейіп, ер-азамат болып оралғанына қуаныштымын, Серікбай Оңбаев.

Шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, сарбаздардың Отан алдындағы қызметін жоғары бағалады.Сондай-ақ әскери қызметтің жауапкершілігін атап өтіп, олардың ерлік пен патриотизм рухында тәрбиеленгенін жеткізді.

Жас сарбаздар өз кезектерінде әскери өмірден алған тәжірибелерімен бөлісіп, армияда өткен күндерінің маңыздылығын атап өтті. Ел қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін жеткізді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАС САРБАЗДАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

МАЛ ҰРЛЫҒЫН КӘСІП ЕТКЕН ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ЛАСТАУДЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ ДЕРЕГІН ПОЛИЦИЯ АНЫҚТАДЫ