13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

КИЕЛІ ШАҺАРДЫҢ  ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ, ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістанда «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық мәслихатын дағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Мәжілісті партияның облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2024 жылдағы орындалу нәтижесі және алдағы жоспарлар талқыланды.

Жол картасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан мектептердің құрылыс сапасын бақылау және апатты, үш ауысымды мектептер туралы Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова баяндаса, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы аясындағы даму  бағыттары жөнінде Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы айтып берді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров фракция құрамындағы депутаттарға облысты дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында 2023-2027 жылдарға 136 индикатор, 542 іс-шара жоспарланған. 2023 жылдың қортындысымен орындалуы тиіс 119 тармақтың 118-і орындалып, 99,2%-ды құрады.  1 іс-шара орындалуда (0,8%).  Ал 2024 жылдың қорытындысымен жоспардағы іс-шараның 116-сы орындалған. Аймақты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«№55 Жеңістің елу жылдығы»жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде патриоттық рухты нығайтуға арналған далалық оқу жиыны өтті.

ЕСІРТКІ ТАРАТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Құқық қорғау орталығының өкілдері студенттерге Омбудсмен институты қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді

Телеарна ХанТВ