24.3 C
Shymkent
19 мая, 2025
aspan

ТЕКЕЛІДЕ БОЯУДЫҢ ИІСІНЕ УЛАНЫП ҚАЛҒАН ЕР АДАМДЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жас жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылды.

Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны «Жетісу Резорт» Кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандасқысы келген ол ішке кіріп, бірақ Тимурды таба алмайды. Телефонмен хабарласқанда да жауап ала алмайды. Алаңдаған ер адам іздеу жұмыстарын бастап, жертөлеге түседі. Сол жерде Тимурдың телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістікте ес-түссіз жатқан жерінен табады. Уақытты созбай, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Бірден көмекке полиция қызметкерлері Азамат Қазыбаев, Елдар Амангельдин және Жанатбек Ахметов келіп, жедел әрекет етті. Олар зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жетіп, жас жігітті дәрігерлерге табыстады. Қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматологы полиция қызметкерлерінің уақтылы әрекет етуі Тимурдың өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ  ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСЫНДАҒЫ «БАЛДӘУРЕН» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ДЕМАЛУҒА КЕЛДІ

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

Дочь акима носит сумку за 21 миллион тенге….

admin