16.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТУДЕ

Шымкент қаласы білім басқармасы Психологиялық қолдау орталығы №88 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балалардың психологиялық әл-ауқатын және құқықтарын қорғауды кәсіби қолдау» тақырыбында ашық есік күні өтті.Шара аясында тәжірибелі мамандар оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге психологиялық көмек көрсетудің әдістері туралы баяндап, тренингтер мен жеке қабылдаулар өткізді.

 Іс шара әуелі  концерттік бағдарламамен басталып,оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Аталған шараға 150-ден аса ата-ана қатысып психологиялық орталықтың жұмысымен танысты. Еркін форматта өткен кездесуде  мінберден сөз алған мемлекеттік орган қызметкерлері мен орталық мамандары ата-аналар мен мұғалімдерге психологиялық қолдаудың маңыздылығын түсіндіріп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Аталған орталық өз жұмысын 2024 жылы Қазан айынанбастаған. Орталық өз қызметін екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады:  әдіскерлік жұмыс бөлім және психология бөлімі. Орталық 11 колледжбен,157 жалпы орта мектеппен және 130 жекеменшік мектептермен, 71 балабақшамен серіктестік орнатып бірлесе жұмыс атқаруда. Сондай-ақ полиция департаментімен,денсаулық сақтау басқармасымен және мемлекеттік органдармен тығыз әрі жүйелі түрде бірлесе жұмыс істейді.

Айта кетейік, ашық есік күні сәуір айының соңына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында кез келген ата-ана, мұғалім немесе оқушы орталық мамандарынан кәсіби кеңес алып, психологиялық қолдау қызметтерін пайдалана алады. Бұл бастама балалардың жан-жақты дамуына, олардың құқықтарын қорғауға және психологиялық саулығын қамтамасыз етуге үлкен үлес қоспақ. Психологиялық қолдау орталығы алдағы уақытта да осындай маңызды іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ ЕНГІЗІЛДІ

Телеарна ХанТВ

ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Телеарна ХанТВ

КӨГАЛДАНДЫРУ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Телеарна ХанТВ