Шымкент қаласы А.Құнанбаев атындағы жалпы орта мектепте қош келдің әз-наурыз атты мерекелік кеш өтті. Шара барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін көпшілік назарына паш етті.
Наурыз – көктемгі жаңару мен табиғаттың жандануын тойлайтын көне мейрам. Ол көптеген түркі және парсы халықтарында Жаңа жыл мерекесі ретінде атап өтіледі.
Салтанатты жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов,жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Наурыз мерекесінің маңыздылығына тоқталып өтті.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрді ұлықтайтын әндер шырқалып, жас өнерпаздар мың бұрала билеп, сахналық қойылымдар көрсетті. Көріністерде ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлер мен құндылықтардың маңызы айшықталып, ұрпақтар сабақтастығы дәріптелді. Кешке келген қонақтар бір-бірін Жаңа жылдың келуімен құттықтап, құшақ жая қауышты.
Көпшілік мерекенің сәнін келтірген ұлттық ойындар мен өнер көрсетілімдерін тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Наурыз мейрамы – жаңарудың, татулық пен ізгіліктің бастауы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл жиын келген қонақтардың көңілінде жылы әсер қалдырды.
САЯТ ЖУМАДИЛЛА
РУСЛАН НАСИРОВ
НҰРЛАН АЛТЫНБЕК
ӘДІЛЕТ АҚПАРАТ