aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҰСТАДЫ

Ақтөбелік полицейлер интернет-алаяқтықпен айналысқан БҚО тұрғындарын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наурыз айында Орал қаласында жедел іс-шаралар жүргізу барысында бірнеше алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады.

Ұсталғандардың бірі ақпан айында Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада төмен пайызбен несиелерді рәсімдеуге көмектесу қызметін ұсынғаны анықталды. «Whatsapp» мессенджерінде хат алмасу барысында жас жігіт жәбірленушілерді алдап, ақшаларын заңсыз иеленген. Қазіргі уақытта күдікті жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында ақпан айында OLX.KZ платформасын пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті әйел анықталды. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны пәтерді жалға беретіні туралы жалған хабарлама орналастырып, «Whatsapp» мессенджері арқылы хат жазысу барысында жәбірленушіні толық алдын ала төлем жасауға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін әйел байланысты тоқтатқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстық әрекеттерге қатысының бар-жоғы да тексерілуде.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысында некеге тұрудың орташа жасы-22-ден 25 жасқа дейін

Телеарна ХанТВ

«МЕЙІРІМДІЛІК-АСЫЛ ҚАСИЕТ» АТТЫ ТЕРАПИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТІ

Телеарна ХанТВ

АБАЙ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІН 100%-ҒА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Телеарна ХанТВ