31.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ӘЙЕЛ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЖЕҢІС ШЕРУІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА

Шымкент гарнизонында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына арналған әскери шеруге қатысатын әскери қызметші әйелдерді қарқынды даярлау басталды. Жеңіс ұрпағының ерлігіне құрмет көрсететін іс-шара мамыр айының басында Астана қаласында  өтеді. Шымкент гарнизонының әскери қызметші әйелдері саптық дайындықтарын жетілдіріп, шеруге жоғары деңгейде қатысу үшін арнайы оқу-жаттығу жиындарынан өтуде.

Қатысушылар гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері арасында таңдалды. Олардың әрқайсысында керемет дене дайындығымен ғана емес, сонымен қатар қатаң тәртіптің жоғары деңгейін көрсете білуі керек. Бірнеше апта ішінде олар өздерінің бөлімшелерін елдің басты алаңында лайықты түрде таныстыру үшін саптық қадамды жетілдіріп, түзеулер мен қозғалыстардың синхрондылығын пысықтайды. Нұсқаушылар атап өткендей, әйелдердің шеруге қатысуы — бұл күнделікті ұзақ жаттығулар мен өзін-өзі тәрбиелеуден, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін от кешкен әйелдердің  ерлік істеріне тағзым етуден тұратын ауыр және жауапты жұмыс. Әскери қызметшілер тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен күнделікті жаттығулардан өтеді. Нәзік жанды жауынгерлеріміз шеруде өнер көрсету ұмытылмас оқиға болатынына және Ұлы Жеңістің тарихи жадын сақтауға үлес қосатынына сенімді.Дайындық жалғасуда және қатысушылар елордадағы шеруде саптық даярлық пен тәртіптің жоғары деңгейін көрсете алатынына сенімді.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.

АЛҒАШҚЫ МОПЕД ТІРКЕЛДІ

Телеарна ХанТВ