aspan

ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Шымкентте М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және өзекті құқықтық мәселелерді талқылау мақсатында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.Сондай-ақ сала мамандарының айтуынша бұндай іс шаралар қаңтар айынан бастап қарқынды жүру үстінде дейді.

Сонымен қатар қаңтар айынан бастап есірткісіз болашақ мобильдік топ құрылған болатын.Ұйымның басты мақсаттарының бірі есірткіге қарсы іс шараларда, жарнамаларды жою, студенттерді арасында зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақыру

Іс-шара барысында сала мамандары жастарға заңнамалық нормалар, құқықтық жауапкершілік, экономикалық қауіпсіздік, есірткі қылмысының алдын алу тақырыптарында жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, қатысушылар заң бұзушылықтардың салдары мен олардың қоғамға тигізетін зияны туралы пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН  ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

Атбасарда Жабай өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кетті

Телеарна ХанТВ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ АЗАЙҒАН

Телеарна ХанТВ