17.3 C
Shymkent
17 октября, 2026
aspan

ШЫМКЕНТ ДЕНДРОСАЯБАҒЫ ЖАҢА ӨСІМДІКТЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Жуырда А. Асқаров атындағы “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының” мамандары меморандум аясында «Академик Ф.Н. Русанов атындағы Ташкент ботаникалық бағына» кезекті рет іс-сапармен барып қайтты. Қызметкерлер әйгілі саябақтың ғылыми жұмыстарымен танысып, гендік қорды көбейту бойынша тәжірибе алмасты. Бізде кездеспейтін интродукциялық 84 түрлі ағаш-бұталардың жасыл қаламшалары мен 7 ағаш-бұта тұқымдары әкелінді. Сонымен қатар, оранжерияда өсетін 6 түрлі субтропикалық өсімдіктің — пальма, фикус, фикус бенджамин, шеффлерa, папоротник, плющ, вилица қаламшалары жеткізілді.

Қазір қаламшалар жылжайда егілуде. Бұл өскіндер жерсінген жағдайда дендрологиялық саябақтағы ағаш түрлері 91-жетеді. Алдағы уақытта саябақта жасыл желекті көбейту мақсатындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ АҢДАТПА: ИЗРАИЛЬ «ХЕЗБОЛЛА» НЫСАНДАРЫН АТҚЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

САНТОРИНИ АРАЛЫНДА 200 РЕТ ЖЕР СІЛКІНДІ

Телеарна ХанТВ

«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІ

Телеарна ХанТВ