aspan

«АЛЬФРЕД» ДАУЫЛЫ САЛДАРЫНАН МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛДЫ

Австралияда «Альфред» дауылы салдарынан мыңға жуық мектеп жабылып, қоғамдық көлік жүрісі тоқтатылды. Әуе рейстері де кейінге шегерілді. Қазір тропикалық дауыл елдің шығыс жағалауына жеткен.
1-2 күнде құрлықтың ішкі аудандарына қарай соғады деп болжанып отыр. Осы кезде желдің жылдамдығы сағатына 155 шақырымнан асуы мүмкін. Жаңбыр жауып, кей мекендерді су басады деген қауіп бар. Осыған байланысты елдің шығысындағы Квинсленд және Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының тұрғындары алдын ала қамданып, дүкендерден бірнеше күнге жететін азық-түлік сатып алып жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ

Телеарна ХанТВ

«ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ ӨНЕРІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ»

Телеарна ХанТВ

АРЫСТА АУСТРАЛИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Телеарна ХанТВ