38.3 C
Shymkent
5 июля, 2025
aspan

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Атырауда қоғам тыныштығына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алғыс айту күні қарсаңында Атырау облысында қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді.

 

 

 

 

 

Осыған орай Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдіғани Сейдуалиев қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенділік танытқан ақсақалдар кеңесінің өкілдерін, белсенді азаматтарды және Пәтер Иелері Кооперативі  басшыларын ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың Алғыс хатымен марапаттады.Бұл шара – ел бірлігі мен ынтымағын нығайту, қоғам қауіпсіздігіне үлес қосқан жандарға құрмет білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында Абдіғани Сейдуалиев марапат иелеріне жас ұрпаққа өнеге көрсетіп, тәрбие берудегі еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, олардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.Қоғам тыныштығы мен тәртібін сақтауда тәртіп сақшыларына демеу болып жүрген азаматтар өз кезегінде жылы лебіздерін білдіріп, ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жетісудан инвесторларға 3 жыл бойы жер берілмеді

admin

SOS” ТҮЙМЕСІ ӘЙЕЛДІ ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙДАН ҚҰТҚАРДЫ

Телеарна ХанТВ

ТІС ЕМХАНАСЫНАН ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН ЕР АДАМ БЕЙНЕКАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ