18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 45 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 45 жоба іске қосылады. Әрбір жоба халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, балалар мен ересектерге арналған ойын және спорт алаңдарын орнатуға, сондай-ақ, тұрғындардың жүріп-тұруын қолайлы етуге бағытталған. Жоба аясында тұрғындардың қажеттіліктері мен тілектері ескеріледі.

Атап айтқанда, «Сайрам», «Нұртас», «Тассай», «Бозарық», «Тұран», «Мирас», «Шапағат» және тағы басқа шағынаудандар мен тұрғын алаптарда балалар ойын алаңдары мен спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, бірнеше көшелер мен аумақтарда скверлер мен абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Бұл жұмыстар өз кезегінде қоғамдық кеңістіктерді жақсартып, тұрғындардың демалу және бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Осы жобалар шеңберінде Қаратау ауданының бірқатар шағынаудандары мен тұрғын алаптарында қоғамдық инфрақұрылымды дамыту, балалар мен ересектер үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көптеген жұмыстар атқарылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫНА 130 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ТАҚ МҰРАГЕРІМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Редактор HAN TV

БІР ҒАНА ГОЛ МАТЧТЫҢ НӘТИЖЕСІН ШЕШТІ. «ПСЖ» ЛОНДОННАН МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСТІ АЛЫП КЕТТІ