aspan

РЕСЕЙ КОНСУЛДЫҒЫ ЖАНЫНДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

Францияның Марсель қаласындағы Ресей бас консулдығының жанында жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Елдегі  арнаның хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00 шамасында болған. Оқиға орнына өрт сөндіру және өрттен құтқару қызметінің 30-ға жуық қызметкері келді.

Сондай-ақ, Valeurs Actuelles журналының тілшісі өз кезегінде белгісіз біреулер консулдық аумағындағы бақшаға тұтандырғыш қоспасы бар екі ыдысты лақтырып жібергенін нақтылады. Оқиға орнынан ұрланған көлік анықталды.  Алдын ала мәлімет бойынша, мәселе тек материалдық шығын туралы болып отыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕЛ САЛДАРЫНАН АДАМ ӨЛІМІ

Телеарна ХанТВ

ЖЕҢІС КҮНІ МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ

Қазақстандағы стратегиялық нысандар дрондардан қорғалады: жаңа талаптар күшіне енді

Han TV